Аймақтар
1 мин оқу 634

Екібастұзда бірнеше зауыт салынады

<p style="text-align: justify;">ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында Екібастұзды дамыту мақсатында қандай зауыттар салынатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Өнеркәсіпте 400 га индустриалды аймақ құру, ферроқорытпа, техникалық кремний, металлургиялық көмір электродтары, темір жол үшін соғылған бұйымдар шығаратын зауыттар салу жоспарлануда», деді Әсет Ерғалиев.

Министрдің айтуынша, көмір өндірудің автоконвейерлік технологиясына көшу көзделіп отыр.

«АӨК-де жылыжайлар алаңы 30 га-дан 60 га-ға дейін кеңейтіледі, нан-тоқаш және макарон өнімдерін шығаратын кешендер, 2 бордақылау алаңы салынады, сондай-ақ суармалы жерлерді 10 мың га-ға ұлғайту көзделген. Энергетика саласында жалпы қуаттылығы 1136 МВТ болатын 2 энергоблок салынады», деді Әсет Ерғалиев.

Бөлісу:
Екібастұзда бірнеше зауыт салынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар