Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды
<div class="tn-side-bar-container"><span style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды </span><a style="text-align: justify;" href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a><span style="text-align: justify;">.</span></div>

Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамызда коронавирус науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирус инфекциясына генетикалық зерттеу жүргізген. Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде анықталған: Қарағанды - 1, Маңғыстау - 2, Павлодар - 1, Нұр-Сұлтан - 1.
«Секвенирлеу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген (Delta «үнді штамы» - 57 (59,4 пайыз), Alpha «ұлыбританиялық» - 24 (25 пайыз), «Ухань» коронавирусы - 10 (10,4 пайыз) және Еta «Нигерия» - 5 (5,2 пайыз)», делінген хабарламада.