Қоғам
1 мин оқу 350

Қазақстанда той жасауға рұқсат берілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Денсаулық сақтау министрі А.Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтты.

Осыған байланысты ВАК  27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен бірнеше шара өткізуге рұқсат берді.

1

Сондай-ақ Е.Тоғжанов вакцинацияға қолжетімділікті арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, теміржол вокзалдарында, ірі базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.

ВАК отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министрдің орынбасары бірқатар басқа тапсырмалар берді.

Бөлісу:
Қазақстанда той жасауға рұқсат берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар