Технология
1 мин оқу 942

+997: Қазақстанда телефон коды өзгереді

<p style="text-align: justify;">БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«БҰҰ жанындағы Халықаралық электр байланыс одағы Қазақстанға жаңа +997 дэф кодын белгіледі. Енді біздің елден басқа мемлекетке қоңырау шалғанда, шетелдіктердің телефонында Қазақстан деген жазу шығады. Сондай-ақ халықаралық деңгейдегі цифрлы сервистерді қолданғанда да, барлық жерде Қазақстан деген сигнал шығады», делінген министр мәлімдемесінде.

Министрдің айтуынша, кезінде КСРО тарағанда, +7 халықаралық телефон коды екі елге бірдей бекітілген.

«Біз Қазақстанға ғана тиесілі халықаралық кодқа қол жеткізу үшін былтырдан бері телекоммуникация саласындағы компаниялармен бірге жан-жақты жұмыс жүргізіп келеміз. Осы келіссөздердің нәтижесінде біздің елге дербес +997 коды бекітілді. Қазір тиісті құжаттар рәсімделіп, жаңа кодқа көшу бойынша іс-шаралар атқарылып жатыр», деп түсіндірді министр.

Бөлісу:
+997: Қазақстанда телефон коды өзгереді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар