Оқиға
1 мин оқу 141

Вакцина алмаған Президент көшеде тамақтануға мәжбүр болды

<p style="text-align: justify;">Бразилия Президенті Джаир Болсонаро COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алмағанына байланысты Нью-Йорктегі мейрамханаға кіре алмады. Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Мемлекет басшысы АҚШ-қа БҰҰ Бас Ассамблеясының 76-сессиясына қатысу үшін келген. Ұйымның ғимаратына кіру үшін вакцинация туралы растаманың болуы міндетті емес. Бірақ Нью-Йоркте вакцинасыз қоғамдық тамақтану орындарына баруға тыйым салынған. 

Бұған дейін Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио қалаға келетін әлемдік көшбасшыларды сапар алдында екпе жасатуға үндеген. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш те дәл осындай мәлімдеме жасаған еді.

Бөлісу:
Вакцина алмаған Президент көшеде тамақтануға мәжбүр болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар