Қазақстан
1 мин оқу 210

БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті

<p style="text-align: justify;">ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Мұхаммед әл-Арикины қабылдап, Елші сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесу барысында Ш.Нұрышев шетел дипломатын тағайындалуымен құттықтап, оның алдағы жұмысы Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы байланыстың одан әрі дамуына септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар екі мемлекет арасындағы саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дамуы атап өтілді. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетудің маңыздылығына ерекше назар аударылды.

Тараптар жаһандық және өңірлік күн тәртібінің барлық негізгі мәселесі бойынша Нұр-Сұлтан мен Абу-Даби ұстанымдарының жақындығын немесе сәйкестігін, көпжақты алаңдағы, соның ішінде БҰҰ, ИЫҰ, АӨСШК және т.б. ұйымдардағы тиімді өзара іс-қимылды атап өтті.

Бөлісу:
БАӘ-нің Қазақстандағы елшісімен кездесу өтті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар