Елорда
1 мин оқу 260

Ақтөбеліктер елордадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады

<p style="text-align: justify;">Кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі 25 және 26 қыркүйекте Ақтөбе облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен өтеді. Шара дәстүрлі түрде барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып, &laquo;Хан Шатыр&raquo; СОО жанындағы алаңда өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жәрмеңкеге Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін әкеледі.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына келесі өнімдер ұсынылады:

- еттің барлық түрі - 60 тонна;

- картоп пен көкөністер - 61 тонна;

- сүт өнімдері -16 тонна;

- өсімдік майы - 1 тонна;

- жұмыртқа - 17,2 мың дана;

- балық - 5,3 тонна;

- бал - 0,5 тонна;

- шұжық өнімдері - 8 тонна;

- ұн және макарон өнімдері - 8,5 тонна;

- басқа өнімдер - 19,7 тонна.

Өңірден жалпы көлемі 197,2 тоннадан астам тауар әкелінеді. Жәрмеңке өнімдерінің бағасы дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен болады.

Айта кету керек, жәрмеңкеге келушілер карантин талаптарын қатаң сақтауы керек: бетперде киіп, әлеуметтік қашықтық туралы ұмытпаңыз және қолды арнайы құралдармен дезинфекциялаңыз.

Бөлісу:
Ақтөбеліктер елордадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар