Елбасы
1 мин оқу 242

Нұрсұлтан Назарбаев Сума Чакрабартимен кездесті

<p style="text-align: justify;">Нұрсұлтан Назарбаев АХҚО басқару жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Сума Чакрабартимен кездесті. Кездесу барысында пандемия жағдайында әлемдік экономиканы одан әрі дамыту перспективаларына қатысты пікіралмасты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Елбасының ресми сайтына <a href="https://elbasy.kz/ru/news/2021-09/nursultan-nazarbaev-vstretilsya-s-zamestitelem-predsedatelya-soveta-po-upravleniyu" target="_blank" rel="noopener noreferrer">сілтеме</a> жасап.</p>

Елбасы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы әлемде жаңа дағдарыстың пайда болуына әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

«Қазір пандемиядан туындаған қиын кезеңдер келді. Егер ол осылай жалғаса берсе, онда жаңа дағдарыс болуы мүмкін. Қазірдің өзінде қарыздар дағдарысы бар, инфляция дағдарысы және энергия көздері бағасының төмендеуі болжануда», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгімелесу барысында тараптар өңірдегі экономикалық ахуалдың даму болжамдарын және тәуекелдер мен сын-тегеуріндердің өсуі аясында алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.

Бөлісу:
Нұрсұлтан Назарбаев Сума Чакрабартимен кездесті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар