Елорда
1 мин оқу 395

Елорда ғимараттарының бірінен өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Елордада Тұран даңғылының бойындағы ғимараттардың бірінен өрт шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>

«Бүгін сағат 18:33-те Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру бөлімшелері Тұран даңғылы 37/10 мекенжайында болған өрт орнына жеке құрамнан 44 адам мен 11 техника жіберді. Алдын ала ақпарат бойынша ғимараттың шатыры мен қаптауы жануда. Өрт сөндірушілер шақырту орнына 5 минутта жетті. Қазіргі уақытта барлау жұмыстары жүргізілуде», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, өрт сағат 19:10-да толығымен ауыздықталды. Өрт шамамен 60 шаршы метрді шарпыған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Бөлісу:
Елорда ғимараттарының бірінен өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар