Жаңалықтар
1 мин оқу 290

Депутаттар аймақтарға аттанады

Ақпанның 5-і мен 14-і аралығында Парламент Сенатының депутаттары Мәжіліс депутаттары­мен бірлесе отырып, елі­міздің аймақтарына жұмыс бабындағы сапар­ға шығады. Басты мақ­сат – Президент Н.На­зар­баевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» халыққа Жолдауын тү­сіндіру. Парламентшілер жергілікті халықпен, еңбек ұжымдарымен және бизнес өкілдерімен кездесулер өткізеді. Депутаттар Мемлекет басшысының халыққа Жолдауын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету және осы құжаттың ережелерін іске асыру мәселелерін талқыға салады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Депутаттар аймақтарға аттанады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар