Футбол
1 мин оқу 180

ФИФА Венгрия құрамасын жазалады

<p style="text-align: justify;">Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Венгрия құрамасын расизм үшін жазалады, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Будапештте өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчында Венгрия жанкүйерлері британдық қара нәсілді ойыншыларға маймылдың даусын салып айқайлаған. Сондай-ақ ағылшын қақпасына дәретхана қағазын лақтырған. Жанкүйерлердің қысымына қарамастан, ағылшындар 4:0 есебімен жеңді.

Ойыннан кейін Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсон жанкүйерлердің әрекетін сынап, ФИФА-ны қатаң шара қолдануға шақырды.

Федерация шешімімен Венгрия құрамасы алдағы екі кездесуін жанкүйерлерсіз өткізеді. Сонымен қатар 200 мың франк айыппұл төлеуге міндеттелді. 

«ФИФА нәсілшілдік пен зорлық-зомбылықтың кез келген түріне, сондай-ақ кемсітушіліктің немесе қорлаудың кез келген басқа түріне мүлдем төзбеушілік туралы нақты ұстанымға ие», деп жазылған федерацияның сайтында.

Бөлісу: