Әлем
1 мин оқу 670

Президент кеңесшісіне қастандық жасалды

<p style="text-align: justify;">Украина Президентінің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды. Кеңесші зардап шеккен жоқ, бірақ оның жүргізушісіне оқ тиген, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.&nbsp;</p>

«Страна.UA» басылымының жазуынша, Шефир үйінен көлікпен шығып, жұмысқа келе жатқанда қастандық жасалған. Орман маңынан өтіп бара жатқан көлікке оқ жаудырған. Көлікке шамамен 12-15 оқ тиген. Жүргізуші оқ жарақатымен ауруханаға түскен. 

«Қазір жүргізуші ауыр жағдайда реанимацияда жатыр», деп жазады басылым.

Полиция қылмыскерлерді іздеу үшін арнайы операция жүргізіп жатыр.

Сергей Шефир - Украина Президентінің жолдасы және іскер серіктесі. Ол «Квартал 95» студиясының тең иесі.

Бұған дейін Sputnik радиосы Жоғарғы Рада спикері Дмитрий Разумков Зеленскийдің бастамаларына диверсия жасады деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатын.

1

1

Сергей Шефир. Фото «Лига».

Бөлісу:
Президент кеңесшісіне қастандық жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар