Президент
1 мин оқу 180
Президент жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды
<p style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына барды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады.
Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды», делінген хабарламада.
Бөлісу: