Қоғам
1 мин оқу 133

Өрт оқиғаларының негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі

<p style="text-align: justify;">ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті басқарма төрағасының міндетін атқарушы Тілеуберді Мәдиев елімізде өрт оқиғаларының туындауының басты себебін айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Мәдиевтің айтуынша, Қазақстанда жыл басынан бері болған өрт оқиғаларының негізгі үлесі (58%) тұрғын үй секторына тиесілі, ал 18% пайызы көліктермен байланысты.

«Негізгі себебіне келсек, 34% пайызы, яғни 2,5 мыңнан астам жайт электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану ережелерін сақтамау салдарынан болып отыр. Сонымен қоса 29% пайызы, ол 2 мыңнан астам жайт, от жағу кезінде адамдардың абайсыздығынан болады және 12 пайыз пешті орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережесін бұзумен байланысты», деді ол.

Бөлісу:
Өрт оқиғаларының негізгі үлесі тұрғын үй секторына тиесілі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар