Әлем
1 мин оқу 220
Ресейде Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті
<p style="text-align: justify;">Ан-26 ұшағы Ресейдің Хабаровск өлкесінде радардан жоғалып кетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.
Ведомство мәліметінше, Ан-26 бортында алты адам болған.
«Хабаровскінің оңтүстік-батысында 38 шақырым жерде бортында алты экипаж мүшесі бар Ан-26 ұшағы радардан жоғалып кетті», деді агенттікке төтенше жағдайлар қызметінің өкілі.
Хабаровск әуежайынан жоғалған көлік ұшағын іздеу үшін Ми-8 тікұшағы көтерілді.
Ан-26 байланыс құралдарының жұмысын тексеру үшін техникалық ұшу орындағаны хабарланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, ұшақ «Летные проверки и системы» Жабық акционерлік қоғамға тиесілі.
Бөлісу: