Риддерде жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды
<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жоғалып кеткен 5 жасар бала табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін сағат 14:00 шамасында полицияға қоңырау шалған әйел адам ұлының жоғалып кеткендігін айтқан.
Белгілі болғандай, Матвей есімді 5 жасар бала үйден аулаға шығып, сол күйі қайтып оралмаған. Ата-анасы қанша іздегендерімен оны таба алмаған.
«Полиция қызметкерлері бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Баланы табу үшін волонтерлер де жұмылдырылған. Көп ұзамай Матвей аулалардың бірінен аман-есен табылды. Қазіргі уақытта бала ата-анасына жеткізілді», деп хабарлады ведомство өкілдері.