Аймақтар
1 мин оқу 170

Атырау облысында заңсыз жүрген 9 шетелдік ұсталды

<p class="p1" style="text-align: justify;"><span class="s1">Атырау облысында заңсыз жұмыс істеген 9 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</span></p>

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, шетелдіктер Қызылқоға ауданында заңсыз жұмыс істегені анықталған.

«Өңірде 1 қыркүйектен бері «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Аталған іс-шара кезінде Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен шалғай елді мекендер мен қыстақтарды тексеру жүргізді.

Тексеру кезінде алыстағы қыстақтарда тіркеусіз жүрген Қазақстан Республикасының 12 азаматы анықталды.

Сондай-ақ заңсыз жұмыс істеген 9 шетелдік ұсталды. Оларға ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 492-бабымен, жұмыс беруші тұлғаларға аталған құжаттың 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Атырау облысында заңсыз жүрген 9 шетелдік ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар