Қазақстан
1 мин оқу 193

Ираннан 53 қандасымыз елордаға жетті

<p style="text-align: justify;">Иран Ислам Республикасынан 53 қан&shy;дасымыз Нұр-Сұлтан қала&shy;сына келіп ж&shy;етті. Атажұртқа оралған қандас&shy;тары&shy;мызды Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Дүниежүзі қазақ&shy;тары&shy;ның қауымдастығы мен &laquo;Отан&shy;дастар қоры&raquo; КеАҚ өкілдері күтіп алды.</p>

Ираннан 53 қандасымыз елордаға жетті

Қандастарымыз үшін күтіп алу іс-шарасы ұйымдастырылып, Нұр-Сұлтан қаласының көрікті жерлеріне экскурсия өткізіліп, арнайы ас берілді.

Енді  Ираннан келген қандастар мемлекет ұсынатын өңірлік квота аясында Солтүстік Қазақстан облысына қоныстанады.

Еске сала кетейік, бұған дейін 14 қыр­күйекте Қазақстанға қоныс аударушы­лар­дың кезекті легі келген еді. Барлығы 13 адамды (3 отбасы) «Отандастар қоры» КеАҚ өкілдері күтіп алып, Солтүстік Қазақстан облысына шығарып салды.

Аталған көш Қазақстан Сыртқы істер министрлігі, еліміздің Ирандағы елші­лігі мен Горган қаласындағы Бас консул­дығы және Дүниежүзі қазақтарының қауымдас­тығы мен «Отандастар қоры» КеАҚ-тың  ұйым­дастыруымен, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің қол­дауы­мен жүзеге асырылуда.

«Егемен-ақпарат»

Бөлісу:
Ираннан 53 қандасымыз елордаға жетті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар