Әлем
1 мин оқу 170

Балалар дұрыс тамақтанбайды

<p style="text-align: justify;">Көптеген дамушы елде екі жасқа дейінгі балалардың тек үштен бір бөлігі сау өсуіне қажет өніммен тамақтанады. Соңғы онжылдықта олардың тамақтануы жақсарған жоқ.</p>

Балалар дұрыс тамақтанбайды

ЮНИСЕФ-тің жариялаған есебіне сүйенсек, COVID-19 дағдарысы мен қақ­ты­ғыстар салдарынан 91 елдегі балалардың тамақтануы мүлдем қиын­дап кеткен. Дамушы елдерде 6 айдан 23 айға дейінгі балалардың жартысы күнделікті қажет тамақтың ең аз мөл­шерін де алмаған.

Бейсенбіде Біріккен Ұлттар Ұйы­мының азық-түлік қауіпсіздігі саммиті қарсаңында ЮНИСЕФ-тің Ұлыбритания өкілдігі Тұманды Альбион тамақтануға инвестиция салу арқылы бұл мәселені шешуге көмектесетінін айтты.

Дұрыс тамақтанбаудың салдарынан балалар мектептен қалып, ауруға шалдығуы мүмкін. Соның ішінде бойлары өспей, арықтап немесе артық сал­мақ қосып, семіріп кетулері мүмкін. ЮНИСЕФ-тің бағалауы бойынша бүкіл әлем бойынша екі жасқа дейінгі
11 миллион­нан астам бала осындай зардап шегіп жүр.

Бөлісу:
Балалар дұрыс тамақтанбайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар