Футбол
1 мин оқу 300

Қазақстан футзалдан ӘЧ плей-офф кезеңінде жалғыз қалды

<p style="text-align: justify;">Венесуэла құрамасы 2021 жылы Литвада өтетін футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Марокко құрамасынан 2:3 есебімен&nbsp;ұтылды, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Марокко енді Бразилия-Жапония жұбының жеңімпазымен ойнайды.

Еске салайық, Венесуэла ұлттық құрамасы топтық кезеңде Қазақстан құрамасымен тең ойнады (1:1) және өз квартетінде Рикардо Каканың шәкірттерінен кейін екінші орын алды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңінде А тобының жалғыз белсенді өкілі болып қала берді.

23 қыркүйекте Қазақстан 1/8 финалдық матчта Тайланд құрамасымен кездеседі.

Бөлісу:
Қазақстан футзалдан ӘЧ плей-офф кезеңінде жалғыз қалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар