Оқиға
1 мин оқу 210

Ақтөбе облысында жол апатынан бір кісі қаза тапты

<p style="text-align: justify;">Ақтөбе облысында жан түршігерлік жол апаты орын алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«22 қыркүйек, сағат 15:30-да Шұбарқұдық ауылынан Байғанинға қарай жүйткіп келе жатқан Lada Granta автокөлігінің 57 жастағы жүргізушісі (Байғанин ауданының тұрғыны) жолдың қарсы бетіне шығып, тізгінінде 30 жастағы жүргізуші болған МАЗ-712 автокөлігімен соқтығысқан», деп мәлімдеді Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Бұл дерекке сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі, «Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтырған жол ережесін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бөлісу:
Ақтөбе облысында жол апатынан бір кісі қаза тапты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар