Аймақтар
1 мин оқу 310

Оралда сәбиін сатқан ана ұсталды

<p style="text-align: justify;">Оралда сәбиін сатқан ана ұсталды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Хабар 24&raquo; арнасына сілтеме жасап.</p>

Арна ұсынған мәлімет бойынша, мәмілені 28 жастағы ауыл тұрғыны жасаған.

Ол баласын Бөрлі ауданының екі тұрғынына сатқан.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмеген.

«Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 135-бабы 1-бөлігі «Кәмелетке толмағандар саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша айыпталушы 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деді БҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Диляра Сатарова.

Бөлісу:
Оралда сәбиін сатқан ана ұсталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар