Аймақтар
3 мин оқу 241

Сақтық шараларын көз алдау үшін ұстанбау керек

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Пандемия қарқыны бәсеңдеп, жағдай тұрақталды десек те, індетке шалдығып жатқандар әлі де бар. Соңғы мәліметке сәйкес Алматыда соңғы тәулікте 549 адамнан коронавирус анықталды.</p>

Сақтық шараларын көз алдау үшін ұстанбау керек

Осы орайда індет жұқтырып алып, жазылған тұрғындардың денсаулығын қалпына келтіру, оңалту шаралары мегапо­лис­тің медицина саласына айтар­лық­тай жүк болып тұр. Індет пациент­тер­дің ағзасында бұрыннан бар кінәраттарын қоздыратыны аян болғаны қашан?!

Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының №4 қалалық емханасының реа­би­ли­то­­логы Айгүл Солтанбек мұн­дай ауыр инфекцияға тап бол­ған науқастардың эмоциялық қиын­дық­тарға да ұшырауы мүм­­кін екенін еске салды. Ол ал­дымен әрбір адамға халық көп жиналатын жерлерде маска тағуды әдетке айналдыруы қа­жет­тігін алға тарта келе:

– Бұл шараның бекер және ден­саулыққа зиянды екеніне се­ніп алып, көз алдау үшін маска тағатын адамдар бар. Соны­мен қатар көптеген адам мұ­рынның ағуы, тамақ ауруы және суықтың басқа да жеңіл бел­гі­лерінің пайда болуы­на мән бермей, емделуге асықпайды. Мұндай адамдар инфекцияны аяғымен алып жүреді. Осы­ған байланысты мас­ка тағу қосымша тиімді шара еке­нін түсіндіргім келеді. Бұл әлеу­мет­тік қашықтықты сақтау, қолды сабынмен жуу және антисептик қолдану сияқты басқа ша­ра­­лармен бірге коронавирус инфекциясының алдын алуға көмектеседі, – дейді дәрігер-реа­билитолог.

Коронавирус инфекциядан сауығу туралы айта отырып, А.Солтанбек ауруға шалдық­қан­дар­дың барлығының тіпті індетті жеңіл өткерсе де оңалтудан өтуі тиіс екенін атады.

– Жалпы, әр науқас сауығып кетуі мүмкін, бұл үкім емес. Біз коро­навирустың өкпе мен жүрек-қан тамыр жүйесіне әсер ететінін жиі байқаймыз. Сондықтан оңал­ту емделу кезеңінде бас­та­лады және шығарылғаннан кейін жал­ға­сады – емханада немесе үйде. Оңалтудың қарсы көр­се­тілімдері бар, сондықтан әр науқас үшін нақты шараларды емдеуші дә­рі­гер анықтайды. Сіз аурудың ауыр түрінен кейін де сауығып кете аласыз, – деді дәрігер.

А.Солтанбек науқас­тардың өкпесі 10% ғана зақымдал­ға­ны­мен, дерттің ауыр болуы мүмкін екенін айтады.

– Дәрігерлер өкпенің зақым­да­ну дәрежесіне емес, ағзаның резервіне назар аударады. Біз өк­пе­нің ғана емес, басқа мүшелер мен жүйелердің зақымдалуын да емдейміз, – деп толықтырды реабилитолог.

А.Солтанбек көбінесе корона­ви­рус инфекциясынан кейін нау­қас­тарда пневмосклероз мен өкпе фиб­розы қаупі жоғары болатынын атап өтті.

– Біздің емхана емделудің үшін­ші кезеңімен айналысады, бұл – өкпенің қалпына келу кезеңі. Сау күйде олар серпінді және дем алатын болуы керек, ал фиброз кезінде тыртықтар пайда болады, сондықтан реабилитолог дәрігерлер жеке ем та­ғайындайды, – дейді дәрігер.

Өкпенің жұмысын жақсарту және қандағы оттегінің қанық­ты­лығын көтеру үшін емхана­лар­да тыныс алу кешендері мен дене­шынықтырудың арнайы бағ­дарламалары жасалған. Реа­би­­литолог тәжірибе көрсетіп отыр­­­ғандай, көп жағдайда вакци­на­­ланған науқастар ауруханаға жатқызуды қажет етпейтіндігіне тоқталды.

– Вакциналанғандардың ауруы әлдеқайда жеңіл өтеді. Мұн­дай науқастардың иммундық жүйе­сі жұмылуға қабілетті және тезірек сауығуға ықпал етеді. Вак­циналар иммунитетті төмен­дет­пейтінін, керісінше оны көте­ре­тінін білген жөн. В тобын­дағы витаминдер мен амин­қыш­қылдар да денені қалпына кел­тіруге кө­мек­теседі, – деді А.Солтанбек.

Жалпы, реанимация және қар­қын­ды терапия бөлімше­ле­рін­де 231 адамның ауыр жағдайда жатқанын айту керек. БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында
5 085 науқас бақылауда жатыр.

Алматы қаласында бір тәулік ішінде, яғни 22 қыркүйекте 1-компонентпен 2 257 адам, 2-ком­­понетпен 3 856 адам вакцина алды. Биыл ақпаннан бері
831 095 алматылық вакцина салдырды. Вак­цина алғандардың ішінде 60 жастан асқан қарт кісілер саны 117 106-ға жетті.

Алматы

Бөлісу:
Сақтық шараларын көз алдау үшін ұстанбау керек · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар