Технология
1 мин оқу 685

«Е-Шаңырақ» қандай платформа?

<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфра&shy;құ&shy;рылымдық даму ми&shy;нис&shy;&shy;трлігі тұрғын үй-ком&shy;му&shy;налдық шаруа&shy;шылық са&shy;ласындағы элек&shy;тронды ақпараттық ресурс&shy;тарды орталықтандырылған жи&shy;нау және сақтау жүйесін тәжі&shy;рибелік пайдалануға ұсы&shy;нып отыр. Жоба &laquo;Е-Ша&shy;ңырақ&raquo; деп аталады.</p>

«Е-Шаңырақ» қандай платформа?

Жоба бытыраңқы ақпараттық жү­йелерді біріктіріп, тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылықтың цифр­лық жүйесіне айналады. Жобаның бірінші кезеңінде ақпараттық жүйе көппәтерлі тұрғын үйлердің саны, олардың техникалық жай-күйі, үйлерді басқару органдарынан алынатын есепке алу аспаптары бо­­йынша талдамалық дерек­терді қалыптастыруға, сон­дай-ақ табиғи монополия субъек­тілерімен және үйді басқарудың нарықтық IT-қосымшаларымен (е-ПИК, BI clients және т.б.) интеграция жүргізуге мүмкіндік бермек. Жүйе одан әрі дами түседі. Соның шеңберінде рейтингтер жасап, басқарушылар мен қызмет көрсететін компаниялардың тізілімі қалыптасады.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ бас­қарма төрағасы Ербол Тө­леуовтің айтуынша, «Е-Ша­ңырақ» ақпа­рат­тық жүйесі – респуб­ликаның барлық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Жү­йеде жинақталған деректер саланың ашықтығын арттырып, бәсекелестік нарықты қалып­тастырады. Жоба мемлекет-же­кемен­шік әріптестігі те­тігі бойынша бюд­жеттік қаржыландырусыз іске асырылады екен.

Бөлісу:
«Е-Шаңырақ» қандай платформа? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар