Технология
1 мин оқу 194

Әуежайда цифрлы жеке куәліктерін пайдалана алады

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласының әуе&shy;жа&shy;йында жеке деректерді рас&shy;тау үшін eGov mobile қо&shy;сымшасы арқылы цифрлы жеке куәлікті пайдалануға болады. Бұған дейін мұндай қыз&shy;мет Нұр-Сұл&shy;тан, Алматы және Ақтөбе қа&shy;ла&shy;ларының әуе&shy;жайларында қол&shy;жетімді болатын.</p>

Әуежайда цифрлы жеке куәліктерін пайдалана алады

Индустрия және инфрақұры­лымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежайда цифрлы жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile қосымшасында авторландырылған пайдаланушы «Цифрлы құжаттар» бөліміне кіріп, тізімнен жеке куәлікті таңдау қажет. Әуежайдың тіркеу бөлімінде, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде сервисте жасалған QR-коды бар смартфонның экранын көрсету қажет.

Ішкі рейстерде цифрлы жеке куәлікті пайдалану мүмкіндігі Ин­дустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Цифрлық даму, ин­новациялар және аэроға­рыш өнер­кәсібі министрлігі, «Қазақ­станның авиациялық әкімшілігі» АҚ, отандық әуе компаниялары мен әуежайларының және «Ұлттық ақ­параттық технология­лар» АҚ-ның жүйелерді интеграциялау бойынша бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде пайда болды.

Цифрлы құжаттар қызметі пи­лоттық режімде жұмыс істейді және әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе және Шымкент қалалары арасында қолжетімді. Осы әуежайлар қызметін пайдалануды жоспарлап отырған жо­лаушылардың қанатқақты жоба кезін­де жеке куәлігінің түпнұсқасын да өзімен бірге алып жүргені жөн болады.

Бөлісу:
Әуежайда цифрлы жеке куәліктерін пайдалана алады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар