Кино
1 мин оқу 211

Деректі картиналар додасы

<p style="text-align: justify;">Алматы қаласында 23-28 қыркүйек ара&shy;лығында Chaplin Mega Park кино&shy;театрын&shy;да QaraFest фильмдері көр&shy;се&shy;тіледі. Бағдарламада Чили, Түр&shy;кия, Шве&shy;ция, Германия, Норвегия, Фин&shy;ляндия, Грузия, Бель&shy;гия, АҚШ және Румыниядан он туын&shy;ды бар. Бар&shy;лық фильм түп&shy;нұс&shy;қа тілінде, қазақ және орыс субтитр&shy;лерімен көрсетіледі. Ал онлайн-фестиваль 30 қыркүйек пен 9 қазан күн&shy;дері өт&shy;кізілмек. Айта кетейік, көрсе&shy;ті&shy;лімдер &laquo;Сорос-Қа&shy;зақстан&raquo; қоры&shy;ның және нидерландтық movies That Matter кинофестивалінің гранттар бағдарламасының қолдауымен ұйым&shy;дастырылып отыр.</p>

Деректі картиналар додасы

Әлемдік кино индустриясындағы жаңа ағымдар мен түрлі тақырыптарды бақылап, бағамдауға мүмкіндік беретін Qara Fest тәуелсіз деректі кинофестивалі биыл екінші мәрте өткізілмек. Халықаралық байқауда көрсетілетін қатысушы фильмдердің алғашқысы – «Мен мінген пойыз» деректі фильмі. Бұл туын­ды – «Ник Кэйв және осал тұқымдар» фильмі­нің режиссері Арно Битши мен Уоррен Эллистің жобасы. Деректі фильмнің премьера­сы Rakkauta ja Anarkiaa кинофестивалінде өткен болатын. Режиссер Арно Битши қатал жағ­дайда саяхаттай жүріп, фильмнің басты кейіпкерлерінің жан-дүниесіне үңіледі.

Аталған жоба 2020 жылғы карантин уақтында бастау алып, былтыр 2200-ден астам көрерменге Қазақстанның 8 үздік деректі туындысын ұсынған еді.

Фильм бағдарламасы – көрерменге бейтаныс, шынайы өмірді бейнелейтін өзге тағдырды, өзгеше кейіпкерлерді қамтиды.

Биылғы картиналар онлайн және Алматы қаласындағы кинотеатрларында көрсетіледі.

Бөлісу:
Деректі картиналар додасы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар