Әлем
1 мин оқу 245

Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта өрши бастады

<p style="text-align: justify;">Оңтүстік Кореяда коронавирус дертіне шалдыққан науқастардың тәуліктік рекорды тіркелді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, аймақта соңғы бір күннің ішінде 2,5 мың адам инфекция жұқтырған. Десе де, ауыр халде жатқандар мен өлім-жітім көрсеткіші өте төмен. Мамандар бұл вакцинаның арқасында екенін алға тартады.

Сарапшылар жаңа науастардың көптеп тіркелуін елде тойланған ұлттық мерекемен байланыстырып отыр. Билік өкілдері, тұрғындарға демалыстан жұмысқа шығар алдында ПТР-тест тапсыру керек деген талап қойды.

Бөлісу:
Оңтүстік Кореяда коронавирус қайта өрши бастады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар