Әлем
1 мин оқу 374

ШЫҰ елдерінің Бас штаб басшылары әлемдегі ахуалды талқылады

<p style="text-align: justify;">ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары авиация генерал-майоры Нұрлан Кәрбенов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің бас штабт басшыларының кеңесіне қатысты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұйымға мүше мемлекеттер қарулы күштері бас штабтарының, сондай-ақ ШЫҰ Хатшылығының басшылары әлемдегі әскери-саяси ахуалды талқылап, халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері мен Ауғанстандағы қазіргі жағдайға қатысты пікір алмасты.

Кеңес Ресей Федерациясының Орынбор облысындағы «Донгуз» полигонында «Бейбіт миссия-2021» әскери терроризмге қарсы бірлескен командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде өтті. Кеңестің қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылып, 2023 жылы кезекті кездесу өткізу туралы уағдаласты.

Бөлісу:
ШЫҰ елдерінің Бас штаб басшылары әлемдегі ахуалды талқылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар