Спорт
1 мин оқу 240

«Барыс» жаңа бапкермен келісімшарт жасасты

<p style="text-align: justify;">&laquo;Барыс&raquo; хоккей клубы Иван Скобревпен еңбек келісімінің жасалғаны туралы <a href="https://hcbarys.kz/news/item/ivan-skobrev-popolnil-trenerskij-shtab-barysa/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">хабарлады</a>, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Клубтың баспасөз қызметі мәлім еткендей, екі жақты келісім 2022 жылдың 30 сәуіріне дейін бір маусымға есептелген.

«Ол дене шынықтыру даярлығы бойынша жаттықтырушы қызметін атқарады», делінген хабарламада.

Иван Скобрев Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем және Еуропа чемпионы. Соңғы төрт маусымда маман Мәскеудің «Динамо» жаттықтырушылар штабында жұмыс істеген.

Скобрев өзінің Instagram-дағы парақшасында жақсы жаңалықпен бөлісті.

«Жаңа ел, жаңа қала, бәріне таныс команда және сүйікті ойын!!!», деп жазды спортшы.

Бөлісу:
«Барыс» жаңа бапкермен келісімшарт жасасты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар