Қуат Хамитов AMC Fight Nights басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық файтер Қуат Хамитов Сочидегі AMC Fight Nights аралас жекпе-жек турнирінің басты жекпе-жегінде өнер көрсетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/kuat-hamitov-proigral-pirane-v-glavnom-boyu-amc-fight-nights" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Хамитов ресейлік күресші Мариф Пираевпен жекпе-жек өткізді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа есептеліп, 30-27, 29-28, 30-27 есебімен төрешілердің бірауызды шешімімен Пираевтың жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Мариф Пираев кәсіби мансабында отызыншы жеңіске жетті, ал Қуат Хамитов ММА-да жетінші жеңіліске ұшырады.
Айта кетсек, қазақстандық үшін бұл 2021 жылғы үшінші жекпе-жек: бұған дейін Хамитов Қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевті нокаутқа жіберді, ал маусымда украиналық Роман Головиновты 10-5 есебімен жеңді.