Аймақтар
1 мин оқу 650

«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы қашан жөнделеді?

<p style="text-align: justify;">&laquo;Ұзынағаш-Отар&raquo; автомобиль жолы 2024 жылға дейін жөнделеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Автомобиль жолдары комитетіне сілтеме жасап.</p>

ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті EH ESER Taahhut Ve Sanayi Anonim Sirketi түрік компаниясымен республикалық маңызы бар «Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолының 101-143 шақырымындағы учаскесін реконструкциялау бойынша келісімшарт жасасты

«Реконструкциядан кейін жол білікке 13 тонна есептік жүктемемен 4 жолақты қозғалысы бар 1б санатты болмақ. Жоба бойынша ауыл шаруашылығы техникасының өтуі үшін 2 жол өтпесін, 32 су өткізу құбырын және 6 автобус аялдамасын салу көзделген. Реконструкция жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде», деп хабарлады комитеттен. 

Бөлісу:
«Ұзынағаш-Отар» автомобиль жолы қашан жөнделеді? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар