Елена Рыбакина WTA турнирінің жартылай финалына шыға алмады
<p style="text-align: justify;">Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина, әлемнің 16-ракеткасы, WTA 500 турнирінің 1/4 финалы аясында Остравада Польша спортшысы Ига Швентекке қарсы матч өткізді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://www.sports.kz/news/kazahstanskaya-tennisistka-ne-smogla-probitsya-v-polufinal-turnira-wta-v-ostrave" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Sports.kz</a>-ке сілтеме жасап.</p>
Екі сет қорытындысы бойынша спортшы Польша өкіліне 6:7, 2:6 есебімен жол берді.
Матч бір сағат 43 минутқа созылды. Ойын барысында әлемнің 16-ракеткасы 21-ден сегіз геймде ұта алды. Осылайша, Рыбакинаның жеңілісінен кейін Остравада WTA 500 турнирінің жеке разрядында Қазақстан өкілдер қалмады.