Ауа райы
2 мин оқу 200

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 27 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын, солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстікте, батыста найзағай ойнайды», делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысында желдің күшеюі 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысында желдің күші 15-20 м/с, таулы аудандарда екпіні 25 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады.

Қызылорда облысында түнде басым бөлігінде, күндіз солтүстігінде найзағай ойнайды, жел 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды облысында түнде солтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында солтүстік-шығыста найзағай ойнайды, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысында күндіз батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, күндіз оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау облысында түнде оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Жамбыл облысында батысында, оңтүстік-батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысында таңертең және күндіз жел 17-22 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде және солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Павлодар облысының күндіз оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Бөлісу:
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар