Аргентина мен Бразилия жартылай финалға шықты
<p style="text-align: justify;">Футзалдан Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында жартылай финалға шыққан алғашқы екі команда белгілі болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Каунаста Аргентина мен Ресей құрамалары күш сынасты. Бұл ойынның бірінші таймында есеп ашылған жоқ. Тек үзілістен кейін ғана қос команда бір-бірінің қақпасынан саңлау тапты. 25-минутта Леандро Куццолино тепкен доп маңдайшаға тиіп барып, нысанаға дөп түсті. Арада 10 минут өткеннен соң ресейліктер таразы басын теңестірді. Голдың авторы – Артем Антошкин. Экстра-таймда жеңімпаз анықталмады. Ал пенальти соғу барысында аргентиналықтардың асығы алшысынан түсті. Соңғы сәтте Ресейдің туы астында өнер көрсетіп жүрген бразилиялық Алвес Нобре Ромуло мүлт кетті. Есеп – 5:4.
Келесі кездесу Бразилия мен Марокко арасында өтті. Бұл бәсекенің тағдырын 11-минутта Родриго соққан жалғыз гол шешті – 1:0. Ол айып добын қақпаға қаңырата теуіп, өз командасына жеңіс сыйлады.