Коронавирус
1 мин оқу 142
Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізуді ұсынды
<p style="text-align: justify;">Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
«Біз саяхатқа шектеулерді азайту үшін вакцина паспортын екіжақты тануды қолдаймыз. Егер Сауд Арабиясы тарапы мүдделі болса, Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу мүмкіндігін, сондай-ақ Корольдікте қазақстандық вакцинаны бірлесіп өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады», деді Бақыт Сұлтанов Сауд Арабиясының инвестициялық бизнес-форумында.
Бизнес-форум Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатыр. Оған екі елдің іскер тобы мен 170-тен астам бизнес өкілі қатысып отыр.
Бөлісу: