Әлем
1 мин оқу 340

Рамзан Қадыров әлемдік рекорд орнатты

<p style="text-align: justify;">Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Қадыров сайлауда ең көп дауыс жинап, әлемдік рекорд орнатты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Грозный» мемлекеттік телерадио компаниясының хабарлауынша, мұндай деректерді «Интеррекорд» жазбаларды тіркеу жөніндегі ірі халықаралық агенттік жариялайды.

«Аймақ басшысы үшін сайлауда Рамзан Қадыров ең көп дауыс (99,7%) жинап,  жеңіске жетті», деп хабарлады басылым.

17 қыркүйектен 19 қыркүйекке дейін Ресейде Мемлекеттік Думның VIII шақырылымына және аймақтық думаларға депутат сайлауы, сондай-ақ бірнеше облыстың әкімін тікелей сайлау өтті.

Бөлісу:
Рамзан Қадыров әлемдік рекорд орнатты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар