Қоғам
1 мин оқу 246

Түркия ұшағы Алматыға апатты жағдайда қонды

<p style="text-align: justify;">Түркияның жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағы Алматы әуежайына апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алматы әуежайының баспасөз қызметі оқиға 26 қыркүйек күні кешкі уақытта болғанын мәлімдеді.

«Кеше Гонконгтан Нұр-Сұлтанға бағыт алған Air ACT жүк тасымалдаушы Боинг-747 ұшағының командирі техникалық ақауды байқап, бірден Алматы әуежайына қонуға шешім қабылдады. Төтенше жағдай жарияланған жоқ. Қону жергілікті уақыт бойынша 21:12-де қалыпты режимде өтті», деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Түркия ұшағы Алматыға апатты жағдайда қонды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар