Хоккей
1 мин оқу 191

ҚХЛ: «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі

<p style="text-align: justify;">&laquo;Барыс&raquo; бүгін Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын елордада Ресейдің &laquo;Автомобилист&raquo; (Екатеринбург) командасымен өткізеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кездесу елорда уақытымен 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бүгінге дейін 36 мәрте шеберлік байқасты. Оның 23-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.

«Барыс» бұдан елордада Ресейдің «Сибирь» командасын овертаймда 2:1 есебімен басым түсті. Ал «Автомобилист» Екатеринбургте Челябинскінің «Тракторына» буллиттен 1:2 есебімен жол берді.

Айта кетейік, «Барыс» биыл бұдан бұрынғы сегіз кездесудің небәрі үшеуінде жеңіске жетті. Турнир кестесінде 18-орында келеді. Ал «Автомобилист» 12 ұпаймен 10-орында тұр.

Бөлісу:
ҚХЛ: «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар