Спорт
1 мин оқу 182

Отандасымыз Африкадағы триатлон жарысында топ жарды

<p style="text-align: justify;">Зимбабвенің Ньянга қаласында триатлоннан өткен Африка кубогында Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Аян Бейсенбаев мәре сызығын бірінші болып кесті. Бұл туралы&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Қазақстан триатлон федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.</p>

Ол спринт қашықтығын 1:01:18 уақытта бағындырып, Elite санатында алтын жүлдеге ие болды. Екінші және үшінші орындарды Марокконың спортшылары алды: Джавад Абдельмула (1:01:44) мен Бадр Сиване (1:04:18).

Әйелдер санатында бірінші және екінші орындарды ОАР спортшылары иеленді: Ханна Ньюман (1:13:11) мен Бриджет Теуниссен (1:16:08). Үштікті жергілікті спортшы Гриир Уинн (1:21:59) тұйықтады.

Бөлісу:
Отандасымыз Африкадағы триатлон жарысында топ жарды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар