Қоғам
1 мин оқу 420

Қазақстанда БАҚ үшін жаңа ұғым енгізіледі

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізіледі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Жаңа технологиялардың дамуына байланысты БАҚ-ты заңанмалық дамыту мәселесін пысықтап жатырмыз. Атап айтар болсақ, заңға өзгертулер енгізуді жоспарлап отырмыз. Оны журналистер қоғамдастығымен талқылаймыз және ол 2023 жылы қабылдануы мүмкін», деді ол «Astana Media Week – 2021» медиа апталығы аясындағы «Медианы дамыту стратегиясы» атты дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, бұқаралық ақпарат құралдары үшін жаңа ұғым енгізілетін болады.

«Жаңа медиаға анықтама береміз. Бұл – интернеттегі барлық жаңа платформалар, дамушы ақпараттар. Оған іздеу жүйесін, ОТТ платформасы мен әлеуметтік желілерді жатқызамыз. Қазақстандағы жұмыс ережесін бекітеміз. Медиа-өлшем процедурасы заңнамалық тұрғыда енгізіледі. Біз үшін Қазақстанда медиа-өлшем жаңа технологияларды қолданумен болғаны және халықты 100 пайыз қамтығаны маңызды. Бұл барлық қазақстандықтың қандай медианы ұнататындығы түсінікті болуы үшін қажет», деді Кемелбек Ойшыбаев.

Бөлісу:
Қазақстанда БАҚ үшін жаңа ұғым енгізіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар