Аймақтар
1 мин оқу 560

Қостанай облысында қар жауды

<p style="text-align: justify;">27 қыркүйекте Қостанай облысында қар жауды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлеуметтік желілерде Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы маңына қар түскені жайлы видео жарияланды.

Еске сала кетейік, синоптиктер 28 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болатынын хабарлаған.

«Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталық пен шығыста жауын-шашынның (жаңбыр, қар) түсуіне, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдап, жаңбыр жаууына ықпал етеді. Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ болады деп күтіледі»,  делінген синоптиктер хабарламасында.

Бөлісу:
Қостанай облысында қар жауды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар