Білім
1 мин оқу 350

Биыл 200-ден аса жаңа мектеп салынады - Ералы Тоғжанов

<p style="text-align: justify;">Бұл туралы Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғажанов айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында әлеуметтік салаға, оны дамытуға қатысты бірқатар жүйелі міндеттерді нақтылап, белгілеп берген еді. Атап айтқанда, білім және ғылым саласы бойынша бірінші міндет - 1 мың жаңа мектеп құрылысы. Тәуелсіздік жылдары елімізде 1900-ге жуық жаңа мектеп салынды. Алайда демографиялық өсу қарқынына байланысты мектептер тапшылығы әлі де бар. Егер де бүгінде орын тапшылығы 260 мың болса, 2025 жылға дейін ол шамамен 4 есеге дейін ұлғаюы мүмкін», деді Е. Тоғжанов.

Оның айтуынша, биыл кемінде 200-ден аса жаңа мектеп салынады. Нәтижесінде, 2025 жылға қарай орын тапшылығын, сондай-ақ апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі толықтай шешілуі тиіс.

Бөлісу:
Биыл 200-ден аса жаңа мектеп салынады - Ералы Тоғжанов · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар