Президент
1 мин оқу 250

Президент XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады

<p style="text-align: justify;">30 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин Көкшетау қаласында онлайн-форматта өтетін екі ел арасындағы XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады, деп жазалды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Форум аясында мемлекет басшыларының онлайн-форматтағы кездесуі жоспарланған. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестіктің басым бағыттары талқыланбақ.

Форум биыл «Экология және «жасыл экономикалық» өсім салаларындағы ынтымақтастық» тақырыбы аясында өтеді.

Іс-шара – екі мемлекет арасындағы ықпалдастықтың перспективті бағыттарын талқылау, екіжақты қатынастарды нығайту, іскерлік топтардың байланысын және мемлекеттік орган мен бизнес өкілдерінің қарым-қатынасын жандандыру үшін тиімді алаң. Жиынға қатысушылар трансшекаралық су ресурстарын басқару, климаттың өзгеруі мен көміртегінен арылу, сондай-ақ жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау туралы мәселелерді талқылайды.

Форум соңында бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.

Бөлісу:
Президент XVII өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар