Медицина
1 мин оқу 220

Медициналық заттарды зертханалық сынақтан өткізу орталығы құрылады

<p style="text-align: justify;">Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов елдегі санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді материалдық-техникалық күшейту туралы айтып берді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«12 зертхана жоғары технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Бұл өз кезегінде азық-түлік, балалар ойыншықтарын, су мен өзге де өнімді зерттеуге мүмкіндік береді. Яғни токсинді элементтерді, тұздарды, металлдарды анықтау мақсатында жүргізіледі.

Сонымен қатар медициналық заттарға қатысты зертханалық әрі техникалық сынақтан өткізу бойынша орталық құрылады. Осы орайда халықаралық стандарттар тұрғысында дәрі-дәрмек пен медициналық заттарды қауіпсіздік пен сапа бойынша сынақтан өткізуге мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысының орынбасары онлайн баспасөз мәслихатында.

Бөлісу:
Медициналық заттарды зертханалық сынақтан өткізу орталығы құрылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар