Технология
1 мин оқу 280

Қытай ғарышқа жаңа жер серігін ұшырды

<p style="text-align: justify;">Қытай елдің солтүстік-батысындағы Цзюцюань спутник ұшыру орталығынан ғарышқа жаңа жер серігін ұшырды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Jilin-1 Gaofen 02D жер серігін Kuaizhou-1A зымыран тасығышы ұшырып, жоспарланған орбитаға сәтті кірді.  

Ұшу дүйсенбі күні Бейжің уақытымен 14:19-да болды. Бұл жолғы ұшыру – кіші спутниктерді орбитаға тез және арзан шығаруға арналған Kuaizhou сериялы зымыран тасығыштардың он бірінші миссиясы. 

Jilin-1 жер серіктері – алыстан бейне таратуға арналған Қытайдың коммерциялық спутниктері. Спутник Chang Guang Satellite Technology Co компаниясында құрастырылған.

Бөлісу:
Қытай ғарышқа жаңа жер серігін ұшырды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар