Әлем
1 мин оқу 265
Pfizer коронавирусқа қарсы препаратын сынақтан өткізе бастады
<p style="text-align: justify;">Pfizer фармацевтикалық компаниясы 27 қыркүйекте COVID-19 вирусына қарсы препаратының озық клиникалық сынақтары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
Бұл туралы РИА Новости мәлімдеді.
Бұл аралас екінші-үшінші фазадағы клиникалық сынақтар.
Препарат PF-07321332 деп аталады, оны АҚТҚ/ЖҚТБ-ны емдеу үшін қолданылатын «Ритонавир» вирусқа қарсы дәрісімен коктейль қылып ішуге ұсынылады.
Корпорация өкілдері препараттың клиникалық сынақтарына 2 660 адамды тарту жоспарланғанын атап өтті.
Бұған дейін Pfizer басшысы Альберт Бурла пандемияға дейінгі өмірге оралу үшін тек жаппай вакцинация қажет екенін айтқан болатын.
Бөлісу: