Қазақстан
1 мин оқу 415

Қазақстанда қандай жаңа халықаралық рейстер ашылады?

<p style="text-align: justify;">ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева жақын арада қандай жаңа халықаралық рейстер ашылатынын айтты, деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«15 қазаннан бері алғаш рет Алматы-Доха (Катар) рейсін ашу жоспарлануда. Ведомствоаралық комиссия Италияға халықаралық тікелей әуе рейстерін ашу мәселесін қолдады, Чехияға ұшу қалпына келтірілуде. Сондай-ақ Кувейт, Сауд Арабиясы, Шр-Ланкаға жаңа рейстер ашу жоспарда бар. Түркия, БАӘ, Германия, Венгрия, Польшаға рейстер санын көбейтеміз. Әзербайжанмен арадағы рейстерді қалпына келтіреміз»,  деді Салтанат Томпиева ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Спикер 9 қазаннан бастап Мальдивке күнделікті рейстердің қайта басталатынын еске салды.

Төраға орынбасарының айтуынша, пандемияға байланысты еліміздегі халықаралық әуе тасымалы нарығы әзірге тек 50% қалпына келтірілді.

Бөлісу:
Қазақстанда қандай жаңа халықаралық рейстер ашылады? · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар