Спорт
1 мин оқу 152
Анна Данилина алғашқы айналымнан аса алмады
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирінің екінші күні Қазақстанның теннисшілері арасынан алғашқы болып кортқа Анна Данилина шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Әлемдік рейтингте 287-орында тұрған 25 жастағы Анна Данилина тым мықты қарсыласқа тап болды. Франциялық Кристина Младенович кезінде АҚШ-тың ашық біріншілігі мен Ролан Гарростың ширек финалында өнер көрсетті. Дәуірі жүріп тұрған кезінде WTA тізімінде 10-орынға дейін көтерілді. Қазіргі кезде ол 62-сатыға жайғасты. Әйгілі спортшыға Данилина әжептәуір қарсылық көрсетті. Десек те 2 сағат 53 минутке созылған сайыс 6:4, 6:7, 6:4 есебімен Младеновичтің пайдасынан шешілді.
Бөлісу: