Мотоцикл қозғалысына тыйым салуды ұсынды
<p style="text-align: justify;">Алматы әкімдігі 22:00-9:00 аралығында мотоцикл қозғалысына тыйым салуды ұсынды, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Алматы әкімдігі қалада жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы заң жобасын шығарды.
Құжатта: «Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында электр қозғалтқыштарымен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдерді, «түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар, жалпы талаптар сондай-ақ ҚР СТ 1863-2018 «жедел және арнайы қызметтердің автомобильдері, автобустары мен мотоциклдері» сәйкес түсті графикалық схемалары, тану белгілері, жазбалары, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар көлікті қоспағанда, сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын», деп жазылған.
Жоба 12 қазанға дейін көпшілік талқылауы үшін ашық.