Теннис
1 мин оқу 150
Юлия Путинцева Грузия теннисшісін тізе бүктірді
<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан WTA 250 Astana Open турнирінде Зарина Диастың жеңісті жолын Юлия Путинцева жалғастырды.</p>

Әлемнің 47 ракеткасы Юлия Путинцева грузиялық Екатерина Горгодземен кездесті. 29 жастағы Қап тауы бөктерінен келген бұрымдының бағындырған пәлендей белестері жоқ. Бұл күндері ол үздіктер рейтингінде 162-орынға табан тіреуде. Ортаң қол ойыншыны ұту Путинцева үшін айтарлықтай қиындық туғызған жоқ – 6:1, 6:2. Енді Юлия беларуссиялық Вера Лапкомен кездеседі.
Бөлісу: